Рекламный блок №1

Валюта

Погода

В Костанае проверяется...

Новости » Промышленность » 2016 жылы қазақстандық металлургия өсімі 2%-ды құрайды - Ә.Исекешев

Ағымдағы жылдың 5 айында металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 8%-ға өсті. Атап айтқанда, қара металлургияда өсім 0,6%-ды құрады.

Республикада 2016 жылдың қорытындысы бойынша металлургияда 2%-дық өсім күтілуде, деп мәлімдеді бүгін «Astana Mining & Metallurgy - АММ 2016» VII Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі барысында ҚР инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев. Бұл туралы zakon.kz,primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

«2016 жылдың қорытындысы бойынша біз металлургиядағы өнеркәсіпте кем дегенде 2%, металлургиялық кен өндіру бойынша 5% өсімді күтудеміз», - деді Ә.Исекешев.

Ағымдағы жылдың 5 айында металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 8%-ға өсті. Атап айтқанда, қара металлургияда өсім 0,6%-ды құрады.

Оған қоса, оның айтуынша, ағымдағы жылдың 5 айының қорытындысы бойынша металл кендерін өндіру көлемі 1%-ға өскен.

«Өсім Бозшакөл ТБК-нің жобалық қуаттылығына біртіндеп шығуымен және басқа да кәсіпорындардың тұрақты жұмысымен қамтамасыз етілді. Биылғы жылдың көктемінде Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінен ҚХР мен РФ-на жеткізулерді жаңарту ұстамды оптимизмге негіз бола алады», - деп баса айтты Ә.Исекешев.

Оның мәліметінше, 2015 жылы металлургиялық өнеркәсіп өндірісі көлемі 14%-дан жоғары болды. Министр атап өткендей, өсім көрсеткіштері индустрияландыру бағдарламасының алғашқы бесжылдығында 60-тан астам жобаға шартталған.

«Өндірістің, әсіресе түсті металлургиядағы өндірістің нақты көлемдерінің айтарлықтай артуы байқалуда. Қара металлургияда өндірістің ағымдағы деңгейін - 101% астам сақтау мүмкін болып отыр. «Арселор Миттал Теміртау» өткен жылдың қорытындысы бойынша жоғары апаттылығының кесірінен плюспен шыға алмады, жағдай ферроқорытпалар өндірісінің өсімінің арқасында түзетілді», - деп түсіндірді министр.

Комментарии

Комментариев нет, оставьте свой
добавить комментарий или отзыв
Новости партнеров