Рекламный блок №1

Валюта

Погода

В Костанае проверяется...

Новости » Медицина » Павлодарлық дәрігерлер инсультті емдеудің жаңа тәсілін меңгеруде.

Замануи әдіс кезінде Цельсия бойынша нөлден төмен 80 градус температурадағы сұйық азот қолданылады.

Ертіс өңірінің ақ халаттылары аймақта инсультке шалдығу деңгейін төмендетуді көздеп отыр. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін павлодарлық дәрігерлер «криоаб-ляция» атты жаңа медициналық әдісті, яғни жүрек соғуының ырғақтығын тудыратын ағза бөліктерін тоңазыту технологиясын меңгере бастады, деп жазады 24.kz арнасы.

Бұл тұрғыда кардиологтарға алматылық мамандар көмекке келді.Бұл заманауи технология әлемдік медицинада небары төрт жыл бұрын енгізілген. Қазіргі таңда бұл әдіс астаналық және алматылық кардиологиялық орталықда кеңінен қолданылып жатыр. Мамандардың айтуынша, жаңашыл әдістің арқасында жүрек қантамырлары жұмысының бұзылуына жол берілмейді.

Ройн Реквава, «Ішкі аурулар кардиологиясы» ҒЗИ-ның бөлім басшысы /Алматы қаласы/:

- Медикаментозды емдеудің тиімділігі 20 пайыздан төмен. Радиожиілікті кариоабляциямен салыстырғанда орташа есеппен 80 пайыздан жоғары болады. Емдеу шараларын дер кезінде қолға алсақ, сырқаттың өмірін сақтауға мүмкіндік бар.

Замануи әдіс кезінде Цельсия бойынша нөлден төмен 80 градус температурадағы сұйық азот қолданылады. Хирургтер өкпе көк тамырларын тоңызытады, соның арқасында отадан соң пациент жүрек дертінен тез арылады.

Дамир Қапшақбаев, Павлодар қаласы кардиологиялық орталығының зертхана меңгерушісі:

- Бұл технологияның күнделікті қолдануды жоспарлап жатырмыз. Себебі қазіргі таңда жүрек ырғағы бұзылған азаматтардың қарасы қалың.

Айта кеткен жөн, аталмыш әдісті павлодарлық кардиологтар еліміздің бес облысы арасында алғаш болып меңгеруде. Бұған облыста жүрек жұмысы бұзылуына шағымданатын сырқаттар қатарының артуы себеп.

Комментарии

Комментариев нет, оставьте свой
добавить комментарий или отзыв
Новости партнеров