Рекламный блок №1

Валюта

Погода

В Костанае проверяется...

Новости » Культура » ОҚО-да айтыскер ақындар орталығы ашылды.

Ақындар - Қажымұхан Абзалов пен Біржан Байтуов аптаның әр сейсенбі күні осы орталықта кездесіп, жұмыс атқаратындарын мәлімдеді.

Шымкенттегі «Түркістан сарайы» салтанат сарайының жанынан айтыскер ақындар орталығы ашылды, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
 
Орталықтың жұмысын бастауына орай, республикаға танымал оңтүстіктің бетке ұстар ақындары Біржан Байтуов, Бекмұрат Анарбай, Нұрлан Есенқұлов, Қажымұхан Абзалов және өзге де өнер иелері дөңгелек үстел басында бас қосты.
 
Ақындық өнердің ұмыт бола бастаған түрлерін жандандырып, жас ақындарды анықтау, олардың өлеңдерін насихаттау және шығармашылығына қолдау көрсету мақсатында ашылған орталықтың алдағы міндеттері жайлы сөз бастаған «Түркістан» сарайының директоры К.Айдарбекова жас ақындардың сөз саптауын, әдебиетіміз бен тарихымызды терең зерттеп, ел алдында ашық ойын айта білетін деңгейге жеткізу қажеттігін түсіндірді.
 
Ақындар - Қажымұхан Абзалов пен Біржан Байтуов аптаның әр сейсенбі күні осы орталықта кездесіп, жұмыс атқаратындарын мәлімдеді. Сондай-ақ, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» орай «Түркістан» сарайында ақындар айтысын ұйымдастыруды және сол айтысқа ақындар орталығында дайындық жұмыстарының жүргізетінін айтты.

Комментарии

Комментариев нет, оставьте свой
добавить комментарий или отзыв
Новости партнеров